Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға қалың қар түсті: Тазалау жұмыстарына 1400-ден астам адам тартылған (фото)

Опубликовано:

Қар
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 17 қарашада сағат 14:40-та Алматыда қалың қар жауа бастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының хабарлауынша, қар жауа бастаған сәттен бастап жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілген. Қазір бұл жұмысқа 191 құмтастағыш жұмылдырылған.

Сондай-ақ, қар тазалау жүмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған 544 бірлік техника мен 1482 жұмысшы тартылған.

Қар
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әкімдіктің мәліметінше, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймағын, қоғамдық көлік аялдамалары, көлік тұрақтарын және қоғамдық орындарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Одан бөлек, 17 қарашадан 18-не қараған түні тағы 491 техниканы, оның ішінде 183 құмтастағышты және 323 жұмысшыны тазалау жұмыстарына шығару жоспарлануда.

Қар
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ал аудандық әкімдіктер мен мердігер кәсіпорындар қар тазалау өндірісін бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.

Қазгидромет болжамына сәйкес, қар 18 қараша таңертеңге дейін жауады. Сонымен қатар, ертең Алматыда тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қар
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қар
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қар
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қар
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942670-almatyga-qalyn-qar-tusti-tazalau-zumystaryna-1400-den-astam-adam-tartylgan-foto/

pixel