Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент пен елдің бірқатар өңірін қалың қар басып қалды (видео)

Опубликовано:

Шымкент
Фото: Instagram.com/shymkent_city17

Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылып жатыр. Мәселен, Шымкентті қалың қар басып, жел ұйытқуы секундына 25 метрге жетті. Қызылорда мен Ақтөбе облысында да жауын-шашын болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктер болжамынша, 17 қараша күні Шымкентке желдің секундына 25 метр ұйытқуына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Ертең қалада қар, боран мен екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

Жамбыл облысының шекарасынан Түркістан облысының Машат ауылына дейінгі барлық көлік түрі үшін қозғалыс жабылды. Полиция қызметкерлері ауа райының нашарлауына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Қызылордада да қар жауып, жол қозғалысы мен электр энергиясында мәселелер туындады. Қала әкімдігі көше тазалауға 100- ден аса қызметкер мен техника жұмылдырылды. Жұмыс күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті де қолайсыз ауа райын ескертті. Қазгидромет дерегінше, 17 қараша күні өңір аумағында жел екпіні күшейіп, қар түріндегі жауын-шашын болады. Сондықтан, тұрғындарға барынша сақ болған дұрыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942672-symkent-pen-eldin-birqatar-onirin-qalyn-qar-basyp-qaldy-video/

pixel