RU

Аймағамбетов мұғалімнен артық есеп сұратқан мектеп директорын жауапқа тартуды тапсырды

білім министрі
Фото: Асхат Аймағамбетов/Facebook

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппарат мәжілісінде педагогтерді артық есептіліктен босатуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мұғалімдер үшін екі құжат қана міндетті. Ол жайында №130 бұйрық бар. Мұғалімдер күнделікті толтыратын екі құжат қана бар. Егер әлеуметтік педагог а, өзінің құжаттары бар. Сынып жетекшісі болса, тәрибе жұмыстары бойынша құжаттары бар. Директордың өз жүргізетін құжаттар бар. Оның бәрі жаңағы айтқан бұйрықта шегеленіп тұрып бекітілген. Тек осы талап шеңберінде жұмыс істеу керек.

Әсіресе сынып жетекшілері бойынша ойға қонымсыз құжаттарды кірігізіп қойған. Бір мектепте сынып жетекішсінің мойнына 19 құжатты жүктеп қойған. Осы факт бойынша анықтау жүргізіп, тиісті жауапкершілікке тартуды тапсырамын", - деген министр басы артық құжаттың пайдасынан зияны көп екенін ескертті.

"Керек емес. Мұны кім оқиды? Көп мәселелер электронды форматта бар. Ұлттық білім беру деректер қорында бар. Бәрін шығарып, жинап қойғаннан не пайда? Қажет емес, тіпті түсініксіз ақпаратты сұрайсыздар.

Өңірлердегі білім басқармалары құзырындағы шаруаны иегере алмай отыр ма сонда? Келесі жолы мұндай негізсіз құжат талап ету қайталанса, мектеп директорын емес, білім беру бөлімі мен басқармаларының басшыларын жауапқа тарту керек", - деді Асхат Аймағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942678-aimagambetov-mugalimnen-artyq-esep-suratqan-mektep-direktoryn-zauapqa-tartudy-tapsyrdy/