Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы метросында пранк жасаған үш жігіт жауапқа тартылды (видео)

Опубликовано:

Метро
Фото: Zakon.kz

Алматы метросында жолаушыларға пранк жасаған үш жігіт жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Метрополитендегі полиция басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, үш жас жігіт Алматы метросының жолаушыларына пранк жасаған.

Олар музыкалық колонканың көмегімен әуенді қатты қойып, азаматтардың наразылығына назар аудармаған.

"Кейбір жолаушылар әуен кенеттен ойнағанын күтпегендіктен, қорыққан. Олардың бірі “Жібек жолы” бекетінде қызмет ететін полиция қызметкерлерінен көмек сұрады. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар инспектордың заңды талаптарына қарсылық танытты. 19 және 22 жастағы азаматтардың әрекеттері әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша квалификацияланған. Әкімшілік істің материалдары жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", – деді метрополитендегі полиция басқармасының бастығының орынбасары Қайрат Жұрұнов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942761-almaty-metrosynda-prank-zasagan-us-zigit-zauapqa-tartyldy-video/

pixel