RU

Белгісіз біреу Оралға Франкфурттан ұшып келген ұшаққа "мина қойған"

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

18 қарашаға қараған түні Орал әуежайында Франкфурттан келген жолаушылар тексерілді. Тексеруге бортқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама себеп болған. Ақпаратқа еліміздің ІІМ көліктегі полиция департаменті түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Франкфурт-Орал рейсіне жарылғаш зат қойылғаны туралы хабарламадан кейін тексеру жүргізілді.

Қазақстан ІІМ көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті Орал стансасындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) тіркелді.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

"Осы іс бойынша басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", – деп қосты ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942764-belgisiz-bireu-oralga-frankfurttan-usyp-kelgen-usaqqa-mina-qoigan/