RU

Депутат тұрғындарға үй салу үшін жер бөлу қарқынын арттыруды ұсынды

Әли Бектаев
Әли Бектаев: platon Asia

Бүгін cенаттың жалпы отырысында сөз алған депутат Әли Бектаев тұрғындарға үй салу үшін жер бөлу қарқынын арттыруды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Тұрғын үймен қамтамасыз ету – ауыл тұрғындарын тұрақтандырудың маңызды тетігі. Бірақ қолданыстағы бағдарламалар талаптары ауыл азаматтары үшін қолжетімді емес. Біздің ұсынысымыз – тұрғындарға үй салу үшін жер бөлу қарқынын арттыру қажет.

Соңғы жеті жылда бөлінген жер учаскелерінің саны 122 мың ғана, яғни, үй салу үшін жер алуға өтініш білдірген азаматтардың 10%-на да жетпейді.

Шындығында әкімдер үй іргелік жер бөлуге ынталы емес. Себебі, инфрақұрылым жүргізуге жергілікті бюджеттің шамасы жетпейді, ал республикалық бюджеттен бөлініп жатқан қаржы мардымсыз.

Сондықтан да, үкімет бекіткен үй іргелік жер бөлу қағидаларын өзгерте отырып, инфрақұрылымдық жобаларға қойылатын талаптарды ықшамдау да керек шығар", - деді Бектаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942789-deputat-turgyndarga-ui-salu-usin-zer-bolu-qarqynyn-arttyrudy-usyndy/