Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 20 жыл құлдықта болдым деп мәлімдеген ресейлік Мәскеуге ұшып кетті

Опубликовано:

Алексей
Видеодан кадр: T.me/Вечерняя Караганда

Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Қарағанды ​​облысында 20 жыл құлдықта болдым деген Ресей Федерациясы азаматының Мәскеуге ұшып кеткенін хабарлады. Ақпарат ведомствоның Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

"Бүгін таңертең Ресей азаматы Алексей Котов "Аэрофлот" ұшағымен Мәскеуге ұшып кетті. Ер адамның отанына оралуын Ресейдің Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырды. Котовқа, оның отбасы мен жақындарына денсаулық пен амандық тілейміз", – делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде 20 жыл бойы Қазақстанда құлдықта жүргенін мәлімдеген азаматтың видеосы тараған болатын. Оның сөзіне қарағанда, Қарағанды облысына қарасты Ақжал ауылында оны еркінен тыс ұстап келген. Ресейлік азамат әкесі мен анасынан оны үйіне алып кетуін өтінді. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Кейінірек бұл оқиғаның егжей-тегжейлері пайда болды. Ер адамның туыстары Ресейден табылды. Олар Алексейді біреулер вокзалда соққыға жыққан соң, "құлдықта" болғанын айтты. Жақында резонансты видеодағы ер адамның мәлімдемеден бас тартқаны белгілі болды. Айтуынша, ол өз еркімен жұмыс істеген, алайда үйіне қайтқысы келген көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942791-qazaqstanda-20-zyl-quldyqta-boldym-dep-malimdegen-reseilik-maskeuge-usyp-ketti/

pixel