RU

Жамбыл облысындағы алапат дауыл кезінде 17 жастағы жігіт қаза тапты

Дауылдың зардаптары
Фото: NUR.KZ

Жамбыл облысында күні кеше болған жойқын дауыл кезінде 17 жастағы жігіт қаза тапты. Бүгінде медициналық көмекке 53 адам жүгінген. Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ақпаратынша, өңірдің 53 тұрғынына медициналық көмек қажет болған. Тараздағы қалалық көпсалалы ауруханаға 43 адам жүгініп, төртеуі емханаға жатқызылған.

Жамбыл облысының көпсалалы балалар ауруханасына төрт бала келіп түскен. Үшеуі стационарға жатқызылса, біреуі емді амбулаторлық түрде қабылдап жатыр.

Байзақ аудандық ауруханасына 6 адам жүгінген. Олардың тек біреуі ғана емханаға жатқызылды. Қалған бесеуі үйлерінде ем қабылдауда.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, дауыл кезінде 2004 жылғы жігіт қаза тапқан. Ол үйдің төбесінен құлап түсіп, оқиға орнында көз жұмған.

Ведомство өкілдері халықтың басым бөлігі терезе, ағаш және қақпалардың құлауы нәтижесінде зардап шеккенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942795-zambyl-oblysyndagy-dauyl-kezinde-17-zastagy-zigit-qaza-tapty/