Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда тойда жаңғақ жұтып қойған үш жасар бала көз жұмды

Опубликовано:

Тамақтанып отырған бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы Көктал ауылындағы мерекелік кеш қайғылы оқиғамен аяқталды. Той үстінде жаңғақ жұтып қойған үш жасар бала көз жұмған. Ақпаратқа қатысты өңірдегі полиция департаменті пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 11 қарашада Үржар ауданының полиция қызметкерлері Көктал ауылында 2018 жылы туған баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Істі тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство тергеу мүддесіне сәйкес басқа деректер жария етілмейтінін хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Оралда түйреуіш жұтып қойған алты айлық сәби қайтыс болған еді.

Батыс Қазақстан облысы балалар ауруханасы қыздың ауыр жағдайда жеткізілгенін хабарлады.

"Ата-анасы бір апта бойы баланың нәжісі қара болғанын айтты. Қыздың іші қатты ауырған. Сәбиде іштей қан кеткен. Рентгеноскопия түйреуіштің ашық болғанын көрсетті",- деді ақ халаттылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1942800-sygys-qazaqstanda-toida-zangaq-zutyp-qoigan-us-zasar-bala-koz-zumdy/

pixel