Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда ескі жиһазды төртінші қабаттан лақтырған тұрғынның басы дауға қалды (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан кадр: instagram.com/dp_pavlodar

Павлодарда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен ескі жиһазды лақтырған тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Құзырлы органның мәліметінше, Павлодар қаласының тұрғыны Лермонтов көшесіндегі 48 үйдің терезесінен ескі жиһазды дәл жолға лақтырған.

"Мұндай әрекет бірінші кезекте өтіп бара жатқан адамдарға, балаларға қауіп төндіреді. Аталған факті бойынша Павлодар қаласы Солтүстік полиция бөлімінің полицейлері өз пәтерін жөндеумен айналысқан 28 жастағы пәтер иесін әкімшілік кодекстің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, ер адамға мұндай фактілерге жол бермеу туралы ескерту жасалды", - дейді облыстық полиция департаментінен.

Осы орайда полиция абаттандыру саласындағы нормалар мен ережелерді бұзғандар үшін ескерту немесе 20-дан 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

"Бүгінгі таңда полицейлер абаттандыру ережелерін бұзудың 6545 фактісін, сондай-ақ, инфрақұрылым объектілерін қиратудың, қалалар мен елді мекендердің жасыл желектерін жою мен бүлдірудің 12 фактісін тіркеді", - дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942801-pavlodarda-eski-zihazdy-tortinsi-qabattyn-terezesinen-laqtyrgan-turgyn-zazalandy-video/

pixel