Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы еңбек министрі Нұрымбетовтің ағасына қатысты үкім өзгертілді

Опубликовано:

Таразы
Көрнекі фото: pixabay.com

Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің ағасы Тимуржан Нұрымбетовке қатысты үкім өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасап.

"Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2 қарашадағы қаулысымен, сотталған Тимуржан Нұрымбетовке қатысты Тараз қаласының №2 сотының 10 маусымдағы үкімі өзгертілді.

Бұрын қолданылған жазаларды ішінара қосу принципінің орнына жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазамен алмастыру принципін қолдану есебінен түпкілікті жаза 10 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына қысқартылды", – деп хабарлайды Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 11 маусымда Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Тимуржан Нұрымбетов 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Оған 44 миллион теңгеден астам ірі көлемде пара алды, алаяқтық жасады, ақшаны жылыстатты және қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген айыптар тағылды. Оның қылмыстық әрекетінен мемлекетке 54 миллион теңгеден астам шығын келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942850-buryngy-enbek-ministri-nurymbetovtin-agasyna-qatysty-ukim-ozgertildi/

pixel