Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оған құлақ асып жатқандар аз": ТЖ министрі қыс кезінде халық көп жіберетін қатені айтты

Опубликовано:

Юрий Ильин
Юрий Ильин. Фото: Жамбыл облыстық ӨКҚ

Газ баллонын тек арнайы стансада толтыру қажет. Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Хабар 24"

Министрді сөзінше, көбі газ баллондарын арнайы стансаларда емес, жанар-жағармай бекеттерінде толтырады. Жарылыс болған жағдайда мұндай бекетте жұмыс істейтіндер жауапқа тартылмайды.

Одан бөлек, Юрий Ильин қыс кезінде газ баллондарын жылыту құралдарының жанына қоюға болмайтынына аса мән берген жөн екенін айтты.

"Өкінішке қарай, біздің халық бұл ережеге мән бермейді. Әрине әр үйдің жанына инспекторды тағайындап қою мүмкін емес. Біз жылда бәрін аралап, ескерту жасаймыз. Бірақ оған құлақ асып жатқандар аз", - дейді ол.

Айта кетейік, 16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, үш адам мерт болып, 10 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген еді.

Зардап шеккендердің дені балалар. Кейін олардың жағдайы белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942889-ogan-qulaq-asyp-zatqandar-az-tz-ministri-qys-kezinde-xalyq-kop-ziberetin-qateni-aitty/

pixel