Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ревакцинациядан бас тартқан медицина қызметкерлері жұмыстан шығарыла ма

Опубликовано:

Дәрігерлер
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ревакцинациядан бас тартқан медицина қызметкерлері пациенттерді қарауға жіберілмейді және олар басқа бөлімге ауыстырылуы мүмкін. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері спикерден "Егер дәрігерлер ревакцинациядан бас тартса, жұмыстан шығарыла ма?" деп сұрады.

"Шынында да, бұл сұраққа қазір жауап беру қиын. Әр адам өз денсаулығына қауіп төндіреді, сондай-ақ, көмекке келген науқастардың денсаулығына қауіп төндіреді. Негізі, олар екпе алуы тиіс, бұл - менің пікірім", - дейді дәрігер.

Оның айтуынша, екпе алмаған, жеке себептермен қайта егуден бас тартқан медицина қызметкерлері науқастармен жұмыс істеуге жіберілмейді. Яғни, шеттетіледі.

"Немесе олар науқастармен байланыста болмайтын аймақтарға ауыстырылады. Мысалы, оларды статистика бөліміне отырғызуға болады. Ревакцинация жасамаған медицина қызметкерлеріне науқастарды қабылдауға рұқсат етілмейді", - деп жауап берді Светлана Сұлтанғазиева.

Айта кетсек, Қазақстанда коронавирусқа қарсы ревакцинация 22 қарашада басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942892-revakcinaciyadan-bas-tartqan-medicina-qyzmetkerleri-zumystan-sygaryla-ma/

pixel