Бұрқасын, тұман, көктайғақ: Еліміздің алты өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Опубликовано:

Синоптиктер Қазақстанның алты өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мамандардың болжамынша, 19 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні 23 м/с.
19 қарашада түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын күтіледі. Сондай-ақ, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
19 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.
19 қарашада таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болып, облыстың оңтүстігі мен шығысында жел тұрып, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
19 қарашада Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып кейін оңтүстік-батысқа ауысуы ықтимал, облыстың солтүстік-батысында күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
19 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942894-burqasyn-tuman-koktaigaq-elimizdin-alty-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/