RU

Нұр-Сұлтанда аязға байланысты бірінші ауысымдағы төртінші сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқиды

қар
Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада бірінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушылары бүгін мектепке бармайды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады, деп жазады astana.gov.kz.

"Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілетіндігін хабарлайды", - делінген хабарламада.

Gismeteo деректеріне сүйенсек, елордада таңертең ауа температуасы -23 градусқа төмендеген. Күндіз сағат үш шамасында сынап бағанасы -12 градусқа дейін өзгеруі мүмкін.

Еске сала кетсек, ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін еліміздің алты өңірінде дауылдық ескерту жарияланған еді.

Синоптиктердің болжамынша, 19 қарашада СҚО, БҚО, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Ақмола облыстарында бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942919-nur-sultanda-ayazga-bailanysty-birinsi-auysymdagy-4-synypqa-deiingi-oqusylar-qasyqtan-oqidy/