RU

"Себепсіз үйден шығуға болмайды": Еуропа елдері COVID-19-ға қарсы екпе салдырмағандарға шектеуді күшейтті

Коронавирус
Көрнекі фото: Leon Neal/Getty Images

Осы аптада бірқатар Еуропа елдері коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған азаматтар үшін локдаун енгізді, деп хабарлайды РИА Новости.

Мәселен, Австрияда шектеу шаралары 14 қарашадан 15-не қараған түні күшіне енді. Бұдан былай азаматтардың вакцина салдырғанын немесе соңғы 180 күн ішінде коронавируспен ауырғанын растайтын құжаты болмаса, нақты себепсіз үйінен шыға алмайды.

Одан бөлек, вакцина алмаған тұрғындарға:

  • жұмысқа не сабаққа баруға;
  • дәрігерге қаралуға;
  • дүкенге не дәріханаға баруға;
  • серуендеуге;
  • кафе, мейрамхана, шаштараз және фитнес-орталықтарға баруға шектеу қойылады.

Шектеу шараларының сақталуын полиция бақылайтын болады. Дегенмен локдаун 12 жасқа дейінгі балаларға қатысты емес.

Австрия үкіметінің мұндай шешім қабылдауына 13 қарашада бір тәулікте 13 мың адамнан COVID-19 инфекциясының анықталуы себеп болған. Ресми мәліметтерге сәйкес, елде жалпы 5,8 млн адам, яғни халықтың 74 пайызы вакцина салдырған.

Чехияда осыған ұқсас шектеу шараларын енгізіп отыр. Қаулы 22 қарашада күшіне еніп, ақпан айының соңына дейін сақталатын болады.

"Коронавируқа қарсы вакцина салдырмаған не ауырмаған адамдар азық-түлік дүкендері мен дәріханадан басқа, мейрамхана, кинотеатрлар, мұражайлар және басқа да мәдениет орындарына бара алмайды, сондай-ақ, жаппай акцияларға қатыспайды. Кәсіпорындар мен фирмаларда мұндай адамдар тұрақты түрде тесттен өтіп отырады. Яғни олар үшін локдаун енгізіледі", - дейді ел премьері Андрей Бабиш.

Чехияда 16 қараша күні коронавирус жұқтырған 22,4 мың адам тіркелген. Пандемия басталғалы бері 2 миллионға жуық адам COVID-19-бен ауырып, 31,7 мыңы қайтыс болған.

Словакияда да вакцина салдырмағандарға қатысты локдаун енгізілді. Бұл елде де шектеу шаралары 22 қарашада күшіне енеді. Елдің премьер-министр Эдуард Хегердің сөзінше, үкімет эпидемиологиялық ахуал нашарлаған соң осындай шешім қабылдаған.

Ол елде ауруханалар лық толы екенін, жаңа науқастар үшін төсек-орын жетпей жатқанын айтты. Хегердің мәліметінше, коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызы вакцина салдырмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942927-sebepsiz-uiden-syguga-bolmaidy-europa-elderi-covid-ga-qarsy-ekpe-saldyrmagandarga-sekteudi-kuseitti/