Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да жаңғақ жұтып қойып көз жұмған үш жасар баланың өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Жаңғақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы жаңғақ жұтып қойып, көз жұмған үш жасар баланың өліміне қатысты мән-жайды айтты. Ведомствоның дерегінше, қайғылы оқиға той үстінде емес, кейінірек болған, деп жазады Noks.kz.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың ата-анасы өзге ауылдан Көкталға тойға қонаққа келген.

Отбасылық мереке 9 қарашада өткен. Ал қайғылы оқиға 11 қарашада болған.

"Баланы медициналық мекемеге әкелген кезде оның жаңғаққа түйіліп қалғанын айтты", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, алдымен баланы ауылдық амбулаторияға жеткізіп, ақ халаттылар алғашқы көмек көрсеткен. Алайда олар тыныс алу жолына тұрып қалған затты шығара алмаған.

Содан кейін баланы Үржар ауданының ауруханасына әкелген. Дәрігерлер медициналық көмек көрсетсе де пациенттің тыныс алуы айтарлықтай қиындап кеткен.

"Балаға трахеостомия жасалды, бірақ сәтсіз болды. Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасады", - дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Көктал ауылындағы тойда үш жасар бала жаңғақ жұтып көз жұмғаны хабарланған еді. Қазір полиция аталмыш факті бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942944-sqo-da-zangaq-zutyp-qoiyp-koz-zumgan-us-zasar-balanyn-olimine-qatysty-zana-derek-syqty/

pixel