RU

Алдағы демалыс күндері елімізде күн жылынуы мүмкін

қыс
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне яғни 20-22 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Мамандардың болжамынша, 20-21 қарашада республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар, елдің батысында ауа райы тұрақсыз болады.

22 қарашада Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын, қар, көктайғақ, жел, солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.

Батыста ауа температурасы түнде 2 градус аяздан +5 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Күндіз 10 градусқа дейін жылы болуы ықтимал.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде 6-дан 16 градусқа дейін аяз болса, күндіз 9 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

Республиканың шығысы мен орталығында түнде 18-ден 28 градусқа дейін, күндіз +3-тен 15 градусқа дейін аяз күтіледі.

Оңтүстік өңірлерде түнде +3 градустан 15 градусқа дейін аяз болса, күндіз 15-ке градусқа дейін күн жылынуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943006-aldagy-demalys-kunderi-elimizde-kun-zylynuy-mumkin/