Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте диплом сатып алмақ болған түркістандық 700 мың теңгесінен айырылды

Опубликовано:

қызыл диплом
Көрнекі фото: Шымкент қаласы полиция департаменті

Шымкентте диплом сатып алмақ болған түркістандық азамат 700 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына Түркістан облысының тұрғыны арызданған.

Сан соғып қалған азаматшаның сөзінше, белгісіз біреу Шымкент қаласындағы оқу орындарының бірінен диплом жасап беретінін айтып, алаяқтық жолмен 700 мың теңгесін алған.

Алайда арада уақыт өтсе де не диплом, не ақшасы қолына түспеген.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне тіркеді.

Жедел-тергеу тобы арызданушының жауабына сәйкес шұғыл-іздестіру жұмыстарын жүргізгенін хабардар етті.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары азаматтың жеке басын анықтап, оны жергілікті полиция бөліміне жеткізді.

Алаяқтық жасаған азамат жәбірленушінің ақшасын алғанын мойындады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Оның осыған ұқсас басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943019-symkentte-diplom-satyp-almaq-bolgan-turkistandyq-700-myn-tengesinen-aiyryldy/

pixel