Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тұрғыны Түркістан облысында жоғалып кеткен әкесін іздеуде

Опубликовано:

Жоғалған адам
Фото: Түркістан облысы ПД

18 қарашада Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Алматы қаласының тұрғыны арызданған. Ол 70 жастағы әкесі 11 қараша күні күндіз үйден белгісіз бағытқа шығып кеткенін, содан бері қайтып оралмағанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары арызданған азаматтың өтінішін тіркеді. Қазір із-түзсіз жоғалған адамды тауып, оның мекен-жайын анықтау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

"Түркістан облысының барлық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдеріне ер адамның белгілері бар бағдарлар жіберілді", – деп атап өтті облыстық полиция департаменті.

Жоғалған күні зейнеткердің үстінде қара күртеше мен шалбар, басында сұр баскиім болған.

"Барлық тұрғындарға үндеу жасаймыз, егер жоғалған адам туралы мәлімет болса, Түркістан облысы полиция департаменті кезекші пунктінің 8 (72533) 5-97-65 телефоны немесе 102 телефоны арқылы хабарласуға болады. Жоғалғанға қатысты кез келген мәлімет маңызды", – деп түйіндеді ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943041-almaty-turgyny-turkistan-oblysynda-zogalyp-ketken-akesin-izdeidi/

pixel