Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Air Astana ұшақтағы жарылыс қаупі туралы ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

Ұшақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Air Astana әуе компаниясы ұшақтың жарылу қаупі туралы ақпараттың расталмағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"2021 жылдың 18 қарашасында сағат 20.45-те Air Astana әуе компаниясына көрші мемлекеттің аумағы арқылы өтетін әуе маршрутында қауіпсіздікке қатер төнгені туралы хабарлама келіп түсті.

Әуе компаниясының атауы да, рейстің нөмірі де, күні де, уақыты да көрсетілмеген. Олардың барлық рейстерінің ұшып-қонуы кезінде тексеру жүргізілді. Қауіп туралы ақпарат расталмады. Барлық материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді", – деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарланғандай, Air Astana әуе компаниясының байланыс орталығына 138-ші Пулково-Нұр-Сұлтан рейсінде жарылыс болуы мүмкін екені туралы ақпарат келіп түскен. Бұл туралы еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Көліктегі полиция департаменті бұл ақпаратты растамады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943052-air-astana-usaqtagy-zarylys-qaupi-turaly-aqparatqa-pikir-bildirdi/

pixel