Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға Pfizer вакцинасының екінші партиясы жеткізілді

Опубликовано:

Жеткізу
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

18 қарашада Алматыға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының екінші партиясы жеткізілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, екінші партиямен 266 760 доза вакцина әкелінген. Pfizer компаниясымен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша бірыңғай дистрибьютор барлығы 4 млн 230 мың доза вакцина сатып алған.

Келген вакцина жедел түрде еліміздің өңірлеріне жіберілгені хабарланды.

"Comirnaty вакцинасын жеткізу тікелей облыстық денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жүзеге асырылады. Вакциналарды тасымалдау "суық тізбек" қағидаты бойынша жүргізіледі — әрбір кезеңде температуралық режимді қатаң сақтау қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, әр деңгейде өзінің жауапты ұйымы және жауапты тұлғалары бар", - деп хабарлады министрлік.

Вакцина логистикасының операторы - Comirnaty вакцинасын тасымалдауға мамандандырылған Pfizer компаниясының серіктесі болып табылатын UPS халықаралық логистикалық компаниясы. UPS компаниясы вакциналарды ультра төмен температуралық режимді қолдайтын "Pfizer" компаниясының "Softbox" арнайы тасымалдау контейнерлерінде тасымалдайды.

"Pfizer тиімді тасымалдау, сақтау және температураны бақылау үшін толық логистикалық жоспарлар мен құралдарды жасады. Суық тізбекті сақтай отырып, вакцинаны сақтау және тасымалдау туралы нақты нұсқаулар бар", - деп толықтырды министрлік.

Еске сала кетсек, Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы елге 10 қарашада жеткізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943098-almatyga-pfizer-vakcinasynyn-ekinsi-partiyasy-zetkizildi/

pixel