Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қар
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Метеорологтар еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде тұман сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Түнде 20 қарашада Қарағанды облысының батысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан, жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең 20 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 20 қарашада Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында және солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943102-tuman-koktaigaq-burqasyn-elimizdin-birqatar-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/

pixel