Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жанар-жағармай тапшылығының басты себебі қандай

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев елімізде орын алған дизель тапшылығының басты себебін атады, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Министр алдағы уақытта мұндай проблеманы болдырмас үшін еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытының жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстарының мерзімдерін нақтылау және регламенттеу көзделетінін жеткізді.

Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекеттік материалдық қор қалыптастыру, жанар-жағармайды бақылау қолға алынбақ.

"Жанар-жағармай бағасын талқылау кезінде екі мәселені есте ұстауымыз керек. Біріншісі – әлемдік бренд бағасына тәуелділік. Екіншісі – көршілес елдерде қалыптасқан бағадан қатты айырмашылық болмауы тиіс. Биыл елімізде дизель отынының тапшылығы болды. Оның басты себебі, көрші елдермен салыстырған баға айырмасының өте жоғары болуы. Енді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүйелі өзгерістер әзірлеп жатырмыз", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Осы орайда энергетика министрі бүгінде ішкі нарықты қамтамасыз етуге жететін дизель қоры бар екенін мәлімдеді.

Оның сөзінше, ахуалды тұрақтандыру үшін шамамен 146 мың тонна дизель импортталған.

Бұдан бөлек, Ресеймен Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыруға қатысты келіссөздер басталғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943120-elimizde-zanar-zagarmai-tapsylygynyn-basty-sebebi-qandai/

pixel