Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ тілінде еркін сөйлеп, домбыраның құлағында ойнайтын орыс жігіті жайлы не білеміз

Опубликовано:

Арқаның аркадийі
Видеодан кадр: YouTube/Айсұлтан Жакупов

Ұлты орыс Аркадий Повеленский Ақан серінің әндерін айтып, домбыраның құлағында ойнайды. Жезқазғанда тұратын жас жігіт қазақ тілін жетік меңгеріп алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аркадий Повеленский туралы видео YouTube желісіндегі Айсұлтан Жакупов парақшасында жарияланды.

Кадрдан жас жігіттің Ақан серінің Балқадиша әнін домбыраның сүйемелдеуімен орындағанын көруге болады.

Сөз арасында ол қазақ тілін достарымен араласып жүріп үйренгенін жеткізді.

"Ұлтым орыс. Мектепті орыс сыныбында оқыдым. Достарым қазақша сөйлейді. Көптеген конкурстарға қатыстым. Осылардың арқасында бүгінгі жағдайға жетіп отырмын", - деп ағынан жарылды ол.

Қазіргі уақытта ол Жезқазған музыка колледжінде оқиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943124-qazaq-tilinde-erkin-soilep-dombyranyn-qulagynda-oinaityn-orys-zigiti-zaily-ne-bilemiz/

pixel