Елімізде өткен тәулікте тағы 1000-нан аса адамнан коронавирус анықталды
Опубликовано:

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 1047 адам тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 113
- Алматы қаласы - 114
- Шымкент қаласы - 22
- Ақмола облысы - 83
- Ақтөбе облысы - 16
- Алматы облысы - 59
- Атырау облысы - 19
- Шығыс Қазақстан облысы - 80
- Жамбыл облысы - 11
- Батыс Қазақстан облысы - 20
- Қарағанды облысы - 114
- Қостанай облысы - 109
- Қызылорда облысы - 6
- Маңғыстау облысы - 4
- Павлодар облысы - 115
- Солтүстік Қазақстан облысы - 143
- Түркістан облысы - 19.
Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 963 828-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 1 164 адам аурудан жазылып шыққан.
Қазір елімізде 30 408 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 410 пациент стационарда, 23 998 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
486 адамның жағдайы ауыр, 124 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 89 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943170-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-belgili-boldy/