Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе мен БҚО-да ауа райына байланысты жол жабылды

Опубликовано:

жол11
Көрнекі фото: pixabay.com

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облысы арасындағы жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті бүгін өңірде желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетіп, боран болатынын ескерткен еді.

Іле-шала облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі боранға байланысты Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аумақтың жабылғанын хабарлады.

Сонымен бірге, Шұбарқұдық ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектелген.

"ҚазАвтоЖол" АҚ БҚО филиалының мәліметінше, 21 қараша күні сағат 07.30-дан республикалық маңызы бар Самара-Шымкент жолында (394-526 шақырым, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылған.

Жолдың жабылу себебі - қар аралас жаңбыр, көктайғақ. Сондай-ақ, осындай себеппен Самара-Шымкент тас жолының (710-526 шақырым) Құршасай ауылынан БҚО шекарасына дейінгі аралығы да жабылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943191-aqtobe-men-bqo-da-aua-raiyna-bailanysty-zol-zabyldy/

pixel