Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда балаға дөрекілік танытқан видеодан кейін балабақшаға тексеріс жүргізілмек

Опубликовано:

Бақша
Видеодан кадр: instagram.com/obn.blog

Қарағандыда қызметкері балаға дөрекілік танытқан жеке балабақша тексеріледі. Оқиғаның видеосы желіде тарап, қоғамдық резонанс тудырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнежазба Instagram желісінде жарияланды. Кадрлардан болжам бойынша балабақша қызметкері болуы мүмкін әйелдің кішкентай баланы топқа сүйрелегенін көруге болады. Осы ретте ол қатты айқайлап, баланың күртесінен ұстап, топқа апарған.

Ролик авторының сөзінше, видео Майқұдықтағы жеке балабақшада түсірілген және мұндай картинаны бақшадан күн сайын көруге болады.

"Осы балабақшада менің туысым жұмыс істейді. Ол күн сайын әріптестерінің балаларды қалай мазақ ететінін көреді. Директор болған жайттан хабардар, алайда бәріне көз жұма қарайды. Тәрбиешілер балалардың дәрменсіз екенін пайдаланып, оларға жиі дөрекілік танытады", - дейді автор.

Мұны көрген желі қолданушылары балабақша қызметкерін тауып, оны балаға қатігезідк танытқаны үшін жазаға тартуды талап етті.

Осы ретте Қарағанды білім бөлімі видеожазбаны тексергенін хабарлады. Ведомство мектепке дейінгі мекемеде қызметтік тексеріс жүргізуге уәде берді.

"22-23 қарашада мектепке дейінгі мекемеде қызметтік тексеріс жүргізіледі. Нәтижесі туралы қосымша хабарлаймыз", - деп мәлімдеді ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943230-qaragandyda-balaga-dorekilik-tanytqan-videodan-keiin-balabaqsaga-tekseris-zurgizilmek/

pixel