RU

Елімізде бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны қайта азайды

көше
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрлігі елде COVID-19 жұқтырғандарға қатысты мәліметті жаңартты. Оған сәйкес, өткен тәулікте 921 адамнан коронавирус анықталған, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 110

Алматы қаласы - 127

Шымкент қаласы - 5

Ақмола облысы - 71

Ақтөбе облысы - 18

Алматы облысы - 34

Атырау облысы - 14

Шығыс Қазақстан облысы - 60

Жамбыл облысы - 6

Батыс Қазақстан облысы - 16

Қарағанды облысы - 109

Қостанай облысы - 107

Қызылорда облысы - 6

Маңғыстау облысы - 1

Павлодар облысы - 110

Солтүстік Қазақстан облысы - 120

Түркістан облысы - 7.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 964 749-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, 1090 адам өткен тәулікте дертінен айығып шыққан.

22 қарашадағы мәлімет бойынша 30 209 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 6 527 пациент стационарда, 23 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 493 адамның жағдайы ауыр, 129 пациенттің жағдайы өте ауыр, 92 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Айта кетсек, 21 қарашадағы мәлімет бойынша елімізде коронавирус жұқтырған 1047 адам тіркелген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943237-otken-taulikte-qansa-qazaqstandyq-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/