Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәліптер әйелдердің қатысуымен түсірілген бағдарламаларды көрсетуге тыйым салды

Опубликовано:

Ауған әйелі
Көрнекі фото: pixabay.com

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) бірқатар телебағдарламаны, соның ішінде әйелдердің қатысуымен хабар таратудың жаңа ережелерін белгіледі, деп хабарлайды Риа Новости.

Басылымның мәліметінше, Ауғанстанда әйелдердің қатысуымен түсірілген сериалдарды көрсетуге тыйым салған.

"Ер адамдар мен әйелдер жартылай жалаңаш күйде бейнеленетін фильмдер мен клиптерді де көрсетуге тыйым салынады", - делінген елдегі министрліктің хабарламасында.

Сонымен қатар, тәліптер шетелдік мәдениетті насихаттайтын фильмдер мен Мұхаммед пайғамбар мен оның серіктері бейнеленген фильмдерді көрсетуге тыйым салды.

Оған қоса, жергілікті телеарналар өз бағдарламаларының шариғат нормаларын бұзбауын және ел тұрғындарының діни сезімін қорламауын қадағалауы қажет.

Еске сала кетсек, бұған дейін тәліптер әйелдерге хиджаб киіп, ер азаматтардан бөлек оқуға рұқсат бергенін жазған едік.

"Талибан" Ауғанстандағы оқу орындарында әйелдер қандай киім киюі керек екені жөнінде ереже жариялаған. Оған сәйкес, әйелдер денесін толық жапқан қара киім және қолдарына қолғап киіп жүруі керек. Ерлер мен әйелдердің аудиторияда бірге отыруына тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943239-talipter-aielderdin-qatysuymen-tusirilgen-telebagdarlamalardy-korsetuge-tyiym-saldy/

pixel