Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропада қыста 500 мың адам көз жұмуы мүмкін

Опубликовано:

Еуропа
Фото: "Хабар 24" арнасы

Еуропада биыл қыста індетке қарсы қосымша шаралар қабылданбаса, коронавирустан 500 мың адам көз жұмуы мүмкін, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Бұл туралы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Бірақ ұйым өкілдері халықты вакциналау шарасы белсенді жүргізіліп, бетперде тағу тәртібі сақталса, мұндай жағдайдың алдын алуға болатынын айтады.

Жалпы Еуропада індет таралғалы 82 миллионнан астам адам вирус жұқтырған. Соңғы уақытта кәрі құрлықта коронавирустың таралуы қайта күшейген. Осыған байланысты бірқатар ел шектеулерді қатаңдатып жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі елде COVID-19 жұқтырғандарға қатысты мәліметті жаңартты. Оған сәйкес, өткен тәулікте 921 адамнан коронавирус анықталып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943241-europada-qysta-500-myn-adam-koz-zumuy-mumkin/

pixel