Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада үй өртеніп, екі адамның мәйіті табылды

Опубликовано:

Өрт
Көрнекі фото: "Хабар 24" арнасы

Қызылордада жеке тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Төтенше жағдай 21 қараша күні сағат 17.43-те болған. Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алдымен тұрғын үйдің едені отқа оранған. Оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды.

Оның біреуі 1966 жылғы үй қожайыны болса, екіншісі үйге қонаққа келген 1990 жылғы азамат. Оқиға орнына департаменттің үш қызметкері техникамен аттанды.

"Алдын ала жасалған болжам бойынша, өрттің шығуына себеп болған отты абайсызда қолдану, яғни темекі шегу", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1943242-qyzylordada-ui-ortenip-eki-adamnyn-maiiti-tabyldy/

pixel