Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Еліміздің қанша облысы "қызыл" аймақта тұр

Опубликовано:

көше
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Қазқстаның екі облысы "қызыл" аймақта тұр, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

22 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары;
  • "жасыл" аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Айта кетсек, өткен тәулікте 921 адамнан коронавирус анықталған болатын. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 964 749-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, 1090 адам өткен тәулікте дертінен айығып шыққан.

22 қарашадағы мәлімет бойынша 30 209 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 6 527 пациент стационарда, 23 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 493 адамның жағдайы ауыр, 129 пациенттің жағдайы өте ауыр, 92 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943244-koronavirus-elimizdin-qansa-oblysy-qyzyl-aimaqta-tur/

pixel