Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирусқа қарсы ревакцинация басталды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін, 22 қарашада Қазақстанда коронавирусқа қарсы ревакцинация басталды. Ол екі кезеңнен тұрады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқуға болады.

Ревакцинация - бұл коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салдыру.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ең алдымен ревакцинация медицина қызметкерлеріне, педагогтер, медициналық-әлеуметтік мекемелердің және жабық балалар мекемесінің қызметкерлері мен контингентіне, күштік құрылымдардың қызметкерлеріне жасалатынын хабарлады.

Сондай-ақ ревакцинация:

  • 60 жастан асқан адамдарға;
  • вакциналаудың аяқталған курсынан кейін КВИ-ге қарсы антиденелер анықталмаған иммунитеті әлсіреген адамдар (иммуносупрессивті терапиядағы адамдар (лейкемияны, лимфоманы және миеломаны қоса алғанда, қатты ісікті немесе гематологиялық қатерлі ісікті белсенді иммуносупрессивті емдеу немесе осындай емдеу тоқтатылғаннан кейін 12 ай ішінде), гемодиализдегі адамдар, трансплантат реципиенттері, АИТВ жұқтырған ауыр бастапқы иммун тапшылығы);
  • өз бетінше тексерілген (КВИ-ге қарсы вакциналаудың алғашқы курсы аяқталғаннан кейін 28 күннен ерте емес) және КВИ-ге қарсы антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдарға жасалады.

Екінші кезеңде вакцинаның алғашқы екі дозасын алған азаматтарға салынады.

Коронавирусқа қарсы ревакцинация келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:

  • векторлық вакциналарды салдырған соң 9 айдан кейін;
  • инактивтелген және м-РНҚ вакциналарды салдырған соң 6 айдан кейін.

Айта кету керек, ревакцинация жасатпағандардың Ashyq қосымшасындағы "жасыл" мәртебесі бір жылдан кейін өшеді. Ал қайта вакцина салдырғандардың "жасыл" мәртебесінің мерзімі ұзартылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943245-qazaqstanda-koronavirusqa-qarsy-revakcinaciya-bastaldy/

pixel