Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ковид орталығына келушілерге робот қыздар қызмет көрсетіп жатыр (видео)

Опубликовано:

Робот
Видеодан кадр: Ruptly

Қытайдың Далянь қаласындағы ковидті зерттеу орталықтарының бірінде адам тәрізді роботтар қызмет көрсетеді, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Робот қыздар медицина қызметкерлері сияқты анализ алады, дәрі-дәрмек береді және басқа да көптеген функцияны орындайды. Механикалық медицина қызметкері ковид орталығына тестілеуге келушілерді күлімсіреп қарсы алады, оларға кеңес береді және анализ қабылдау пунктіне апаратын жолды көрсетеді.

Айта кетейік, COVID-19 дертінің таралуы сервистік роботтарды медицина саласына мүмкіндігінше тезірек енгізуге себеп болып отыр. Қытайда коронавирусты анықтау үшін тамақтан жағынды алып, видеобайланыс арқылы адамдардың жағдайын бақылайтын және пациенттерге дәрі-дәрмек жеткізуге көмектесетін роботтар көбірек жасалып, енгізіліп жатыр.

Осылайша, көп міндетті роботтарға жүктеу арқылы Қытай медицина қызметкерлерін инфекция жұқтыру қауіпінен қорғап отыр. Видеода робот көмекшілердің бірі көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943257-kovid-ortalygyna-kelusilerge-robot-qyzdar-qyzmet-korsetip-zatyr-video/

pixel