Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау тұрғыны банк картасын қолданған ерлі-зайыптыны қалай аңдыды

Опубликовано:

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Lada.kz

Ақтау тұрғыны супермаркеттің кассасында банк картасын ұмытып кеткен. Ер адам өз бетінше тергеу жүргізіп, картасын ерлі-зайыптылардың бірнеше рет пайдаланғанын анықтаған, деп жазады Lada.kz.

Бауыржанның сөзінше, ол 17 қараша күні "Шығыс-2" шағын ауданындағы супермаркеттен азық-түлік алған. Тауар ақысын төлеген соң банк картасын кассада ұмытып кеткен.

2 сағаттан кейін ол мобильді қосымша арқылы шотында 10 000 теңгенің орнына небәрі 400 теңге қалғанын білген. Ер адам бірден картасын бұғаттап тастапты.

Соңғы операциялар бойынша сауда Атамекен ауылындағы супермаркет пен әлеуметтік дәріханада жасалған.

Ақтау тұрғыны супермаркетке барып, бейнебақылау камерасының жазбасын сұраған. Осы кезде ер адам қызыл сырт киім киген әйелдің картамен ақы төлегенін көрген. Оның жанында бала көтерген ер адам болған. Содан кейін Бауыржан әлеуметтік дәріханаға барғанымен, оларды таба алмаған.

Басқа супермаркеттегі камералардан дәл сол қызыл сырт киім киген әйелдің кассада карта бергенін көрген. Кассир қыз Бауыржанға бұл адамдарды танитынын айтыпты. Одан бөлек, ерлі-зайыптылардың Daewoo Nexia көлігі бар екені белгілі болған.

Бауыржан өзіне картасы мен жұмсалған ақшаны қайтарады деп үміттенеді. Бұл үшін ол супермаркеттегі кассалардың біріне өзінің телефон нөмірін қалдырған. Егер ақшаны қайтармаса ер адам полицияға шағым түсірмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943278-aqtau-turgyny-bank-kartasyn-qoldangan-erli-zaiypty-qalai-andydy/

pixel