Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордалық жігіт желіде танысқан қызды достарымен бірге тонап кетті

Опубликовано:

1
Фото: Polisia.kz

Қызылордада әлеуметтік желіде бойжеткенмен танысқан жігіт достарымен бірге оны тонап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қараша күні сағат 06:27 шамасында Қызылорда қалалық полиция басқармасының “102” нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны хабарласып, Қызылорда қаласының тұрғыны үйіне келіп, оны қорқытып, ұялы телефонын және ақшасын тартып алып кеткенін айтқан.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған тонау) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу барысында 20 қараша күні сағат 04:00 шамасында арызданған азаматша әлеуметтік желіде бір азаматпен танысып, оны үйіне шақырғаны анықталды.

Арада шамамен 30 минуттан кейін үйіне екі азамат, танысқан жігіті мен оның досы келген. Кейін тағы екі азамат кіріп, төртеуі бірге қызды қорқытқан. Ақырында олар нәзік жандының телефоны мен ақшасын қолды қылған.

"Қылмыстық іс бойынша Қызылорда облысы ПД криминалдық полиция басқармасы және қалалық ПБ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру шаралараның нәтижесінде Қызылорда қаласының екі тұрғыны құрықталды. Олардан айғақты заттар алынды, аталған тұлғалар өз кінәсін толық мойындады. Олар қамауға алынды. Қазіргі таңда бұл қылмысқа қатысы бар тағы екі азамат іздестірілуде", – деп атап өтті Қызылорда облысы ПД бастығы Сұлтан Бектөре.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1943280-qyzylordada-aleumettik-zelide-tanysqan-zigit-dostarymen-birge-qyzdy-tonap-ketken/

pixel