Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында шекарадан өтпек болған шетел азаматының шұлығынан есірткі табылды

Опубликовано:

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдай туралы айтты
Көрнекі фото: piqsels.com

Түркістан облысының полицейлері шекарадан өтпек болған шетелдіктің шұлығынан есірткі тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Қазығұрт шекара бекетінде есірткі контрабандасына қатысы бар күдікті ұсталғаны туралы хабарлама түскен.

Анықталғандай, шекарада Өзбекстаннан Қазақстанға қарай өтіп бара жаткан DAF маркалы жүк көлігіне қызметтік ит белгі берген. Шекарашылар бірден жедел тергеу тобын шақырған.

Сарыағаштық полицейлерден құралған тергеу тобы жүргізушінің Өзбекстан Республикасының азаматы екенін анықтады. Сонымен қатар, тәртіп сақшылар көлік жүргізушісін тінту барысында оның оң жақ аяғындағы шұлығынан есірткі тектес затты тәркіледі. Алынған зат сараптамаға жолданды.

Сараптама қорытындысы бойынша есірткінің үш грамнан астам кептірілген “марихуана” екені расталды. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Қазіргі таңда шетел азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943284-turkistan-oblysynda-sekaradan-otpek-bolgan-setel-azamatynyn-sulygynan-esirtki-tabyldy/

pixel