Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда әйел үш баласымен бірге тоғызыншы қабаттың терезесінен секіріп кетті

Опубликовано:

Терезе
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда 28 жастағы келіншек үш баласымен тоғызыншы қабаттың терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Жетісу шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

"Әйел мен екі бала оқиға орнында, тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмды", – деп хабарлады полициядан.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайын анықтау үшін полиция департаменті жедел-тергеу тобын құрды.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1943327-almatyda-aiel-us-balasymen-birge-terezeden-sekirip-ketti/

pixel