RU

Елімізде қаржы пирамидасының белгілері бар тағы бір компания анықталды

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда қаржы пирамидасының белгілері бар тағы бір компания анықталды. Ақмола облысының аумағында "River Coins Limited" атты компания жұмыс істеген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері "River Coins Limited компаниясына қатысты 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың мамырына дейін заңсыз ақша тарту дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Тергеу компанияның төлем жүйесі спираль қағидасы бойынша жұмыс істейтінін анықтаған. Яғни, бірінші деңгейдегі салымшылар жаңа салымшылардан түсетін жарналарды қайта бөлу есебінен сыйақы алып отырған.

Сонымен қатар, компанияның Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелмегені белгілі болып отыр. Бұл дегеніміз-компанияның банк операцияларын жасауға – қаражат тартуға және сыйақы төлеуге лицензиялары мен рұқсаты жоқ деген сөз.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943329-qazaqstanda-qarzy-piramidasynyn-belgileri-bar-tagy-bir-kompaniya-anyqtaldy/