Өскеменде көшеде жатқан дипломат жұрттың үрейін тудырды (видео)
Опубликовано:

Өскеменде Қабанбай көшесінің бойында жүрген арнайы қызмет өкілдері тұрғындардың зәресін алды. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Аталған жайтқа қатысты ШҚО полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Құзырлы органның мәліметінше, 22 қараша күні сағат 11:17-де "102" жедел арнасына хабарлама түскен.
Онда Қабанбай батыр көшесінің бойында орналасқан 15 және 17-үй арасында күмән тудыратын дипломат жатқаны айтылған.
Қоңырауды қабылдаған тәртіп сақшылары бірден оқиға орнына аттанған. Тексеру барысында қауіпті зат анықталмаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943346-oskemende-kosede-zatqan-diplomat-zurttyn-ureiin-tudyrdy-video/