RU

"Жан серігім-ау": Шалы төсек тартып қалғанын көрген әжейдің әрекеті елді жылатты

Қарт әжей мен ақсақал. Кадр
Қарт әжей мен ақсақал. Кадр: instagram.com/atadan_kalgan_asyl_soz/

Желіде тараған қарт әжейдің видеосы елді тебірентті. Бейнероликте әжей төсек тартып қалған өмірлік серігінің жанына келіп, оның асты-үстіне түсіп бәйек болып жүргенін көруге болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіде жүздеген мың қаралым жинаған видеода қарт әжей ауырып жатқан отағасына келіп, оған жылы лебізін білдірген. Айтуынша, оның төсек тартып қалғанынан бейхабар болған.

"Жансерігім-ау сол, азып қалыпсың ғой. Айтпады ғой маған. Кеудесінде жан болса, болды, сені бұлай азып кетеді деп ойлаған жоқпын", - дейді әжей.

Аталған видеоға пікір білдірушілер аз емес. Желі қолданушылардың көбі жұбайына жаны ашып, көз жасын төккен әжейге алғысын айтқан.

"Кеудесінде жаны болса болды" деген сөздің өзі қандай керемет!", "Алла жұбайларымызбен әдемі қартаюды нәсіп еткей, екі дүние де бірге болыңыз адал жарыңызбен", "Аққудың махаббаты деген осы", - дейді желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943358-zan-serigim-au-saly-tosek-tartyp-qalganyn-korgen-azeidin-areketi-eldi-zylatty-video/