Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда балабақша қызметкері даулы видеодан соң жұмысынан кету үшін арыз жазған

Опубликовано:

Балабақша
Видеодан кадр: instagram.com/obn.blog

Қарағандыда балабақшалардың бірінде бүлдіршінге дөрекілік танытқан қызметкердің әрекетінен кейін мекемеде қызметтік тексеріс жүргізілді. Оның қорытындысын облыстық білім басқармасында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство мән-жайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.

Оның құрамында Қарағанды ​​қалалық білім бөлімінің қызметкерлері, Nur Otan партиясының өкілдері және Октябрь ауданы әкімінің орынбасары бар.

"Қызметтік тексеріс жүргізілді. Бұл оқиға осы жылдың 7 қазанында болған. Баланың анасы полицияға арызданбаған. Біз онымен сөйлестік. Ол баласының түрін көрсетіп, видеоны жария еткендерге наразы. Комиссия жұмысына көңілі толды", - дейді Қарағанды ​​облысының білім басқармасы.

Сондай-ақ, ведомство балаға дөрекілік танытқан тәрбиеші емес, бала күтуші екенін атап өтті. Ол өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған.

"Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында балабақша ұжымымен жиын өткізілді. Бұл мәселе білім бөлімінің бақылауында", - деп толықтырды ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943359-qaragandyda-balabaqsa-qyzmetkeri-dauly-videodan-son-zumysynan-ketu-usin-aryz-zazgan/

pixel