Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүзден аса жол апаты болды: Елорда полициясы көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Опубликовано:

жол-қыс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан полициясы елордалық жүргізушілерге жолда мұқият болуды ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, өткен тәулікте қалада 75 жол апаты тіркеліп, бір адам зардап шексе, бүгін таңғы сағат 08.00-ден бері 51 жол-көлік оқиғасы болып, тағы бір тұрғын жарақат алған.

Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге де өте мұқият болу керектігін ескертеді.

Айта кетейік, синоптиктердің мәліметінше, 23-25 қараша аралығында елімізде ауа райы тұрақсыз болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қалың қар жаууы ықтимал.

Өзге аймақтарда тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстікте бұрқасын күтіледі.

Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде -2-10 градустан -18-23 градусқа дейін аяз, күндіз -5 градустан -5-15 градусқа дейін аяз күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943385-zuzden-asa-zol-apaty-boldy-elordalyq-policeiler-zurgizusilerge-undeu-zasady/

pixel