Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда "Түрленген Тараз" республикалық фото-видео, мобилография шеберлерінің байқауы өтті

Опубликовано:

Тараз11
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Таразда қала әкімінің қолдауымен "Түрленген Тараз" республикалық фото-видео, мобилография шеберлерінің байқауы өтті.

Шаһардың көз тартатын сұлулығын объективке сыйдырған кіл шеберлер байқауға "Үздік мобилограф", "Үздік дрон түсіруші", "Үздік фотограф" бағыты бойынша 15 номинацияда дайындаған материалдарын жолдаған.

Тараз шаһар11
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі "Көне Тараз" тарихи-этномәдени кешеніндегі облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтті.

алғыс хат11
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Жалпы байқауға қатысқан 46 адамның ішінен 15 қатысушы оза шауып, әр номинация бойынша үздік атанды. Олардың әрқайсысы күн санап көркейіп, жаңа кейіпке енген Тараз қаласының бүгінгі кескін-келбетін фото-видео материалдар арқылы барынша әсерлі көрсете білген.

Сондай-ақ байқауды ұйымдастыруға белсенді атсалысқаны үшін облыстық "ARAI" жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабай, Дулат Шиқпанбетов, Азат Байтемиров, Бақытбек Суанбеков сынды сала мамандары қала әкімінің "Алғыс хатымен" марапатталды.

марапаттау11
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943391-tarazda-turlengen-taraz-respublikalyq-foto-video-mobilografiya-seberlerinin-baiqauy-otti/

pixel