Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда адам өліміне әкелген жол апаты: Көлік жүргізушісі үш адамды қағып кетті

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: pixabay.com

Бейнеу ауылында Lada Kalina жүргізушісі үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Олардың бірі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Lada.kz.

Басылым дерегінше, қайғылы жағдай 18 қараша күні сағат 07.30 шамасында Бейнеу ауылында болған.

Жұбанов пен Қашаған көшелерінің қиылысында 46 жастағы Lada Kalina көлігінің жүргізушісі үш адамды қағып кетті.

Соның салдарынан 43 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл факт Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі (Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша тіркелгенін хабардар етті.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943397-mangystauda-adam-olimine-akelgen-zol-apaty-kolik-zurgizusisi-us-adamdy-qagyp-ketti/

pixel