"Алматы-Өскемен" тасжолы жабылды
Опубликовано:

"Алматы-Өскемен" тасжолы жабылды. Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпау туралы кеңес беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты 22 қараша күні сағат 17.30-дан бастап Алматы облысындағы "Алматы-Өскемен" автожолындағы 558-615 шақырымында, атап айтқанда, Үшарал қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының шекарасы аралығындағы учаскеде қоғамдық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды" делінген хабарламада.
Айта кетейік, синоптиктердің мәліметінше, 23-25 қараша аралығында елімізде ауа райы тұрақсыз болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қалың қар жаууы ықтимал.
Өзге аймақтарда тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстікте бұрқасын күтіледі.
Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде -2-10 градустан -18-23 градусқа дейін аяз, күндіз -5 градустан -5-15 градусқа дейін аяз күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943398-almaty-oskemen-taszoly-zabyldy/