Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аулада тұрған көлікті қасақана өртеген қызылордалықтар ұсталды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

21 қараша күні Қызылорда қаласында тұрғын үй жанында тұрған көлік өртеніп кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 21 қарашада сағат 22:44-те Байқоңыр көшесінде тұрғын үй жанында тұрған "Opel Vectra" автокөлігі өртенген. 

"Өрт 22.59-да оқшауланды. Ал 23.01-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 9 қызметкері мен 2 техника барды", – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.

Бұл қасақана жасалған әрекет деген алдын ала болжам айтылып отыр. Қызылорда қалалық полиция басқармасы аталған іс бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен ("бөтеннің мүлкін өрт қою арқылы қасақана жою") қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаға күдікті ретінде 22 қарашада Қызылорда қаласының азаматтары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді полицияның баспасөз қызметі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талабына сәйкес, тергеу деректері жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943404-aulada-turgan-kolikti-qasaqana-ortegen-qyzylordalyqtar-ustaldy/

pixel