Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жолаушы тасымалдайтын автобус отқа оранды

Опубликовано:

Атырау
Фото: Zakon.kz

Атырау қаласында жолаушы тасымалдайтын автобус жанып кетті, деп хабарлайды Қазaқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, қоғамдық көлік бүгін 22 қарашада өртенген.

"Бүгін департаменттің 101 пультіне сағат 18:30-да Атырау қаласындағы "Вокзал маңы- 3А" шағын ауданында автобустың өртенгені туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер Баймұханов көшесінде "ПАЗ" автобустың электр желісінің қысқа тұйықталуы салдарынан отқа оранғаны анықталды" делінген хабарламада.

Қызыл жалынды сөндіруге департаменттің 10 қызметкері мен 2 арнаулы техникасы жұмылдырылғаны белгілі болды.

Тілсіз жау сағат 18:39-да ауыздықталып, сағат 18:41-де сөндірілген.

Ведомство өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943405-atyrauda-zolausy-tasymaldaityn-avtobus-otqa-orandy/

pixel