Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"38 адам қамауға алынды": Францияда вакциналауға қарсы наразылық жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Опубликовано:

Наразылық
Фото: "Хабар 24" арнасы

Францияға тиесілі Гваделупа аралында вакциналауға қарсылардың наразылық шарасы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Салдарынан бір түннің ішінде 38 адам қамауға алынған, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Гваделупа аралында наразылық шаралар бір апта бойы жалғасып келеді. Негізінен ең ірі қала Пуант-а-Питрде өтіп жатыр.

Алайда аралдағы шерудің соңы тәртіпсіздікке ұласқан. Бұзақылар дүкендерді тонап, жолындағы бар затты қиратқан. Қақтығыстан үш адам жарақат алған.

"Ашулымын, өйткені биыл басымыздан қиын кезең өтті. Бүгін бізді тонап кеткеннен кейін, бірнеше қызметкеріміз жұмыссыз қалады. Жаңа жыл жақындап келеді, әдетте бұл қуанышқа бөленетін кез еді. Ал енді кейбір адамдар үшін қиын кезеңге айналатын түрі бар", – дейді дүкен иесі Жюльен Гедж.

Жаппай наразылыққа санитарлық төлқұжат енгізу мен медицина қызметкерлерін вакциналау шешімі түрткі болған. Алайда наразылық шараларын ұйымдастырушы кәсіподақтардың айтуынша, шерудің нағыз себебі экономикалық жағдайдың нашарлауы болып тұр. Аралдағы жұмыссыздық деңгейі Франциядан екі есе жоғары.

Жағдайды тұрақтандыру үшін билік Гваделупаға қосымша полиция бөлімдерін жіберген. Наразылыққа қарамастан, аралда екпе алғандардың үлесі 33 пайыздан 50 пайзыға дейін артқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943426-38-adam-qamauga-alyndy-franciyada-vakcinalauga-qarsy-narazylyq-zappai-tartipsizdikke-ulasty/

pixel